Журнал туралы

«Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы» журналы Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен тіркелген. Тіркеу куәлігі № 13108–Ж 23.10.2012 ж. Мерзімді баспасөз басылымын қайта есепке қою туралы куәлік 30.09.2020 ж.
Жазылу индексі: 74619
Меншік иесі: Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті»
«Құқық» сериясы ISSN Сериялық басылымдарды тіркеу бойынша халықаралық орталықта тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция)
ISSN 2518-7945 (Print), ISSN 2663-5119 (Online)
«Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы» журналына және жарияланған барлық мақалаларға цифрлік объект идентификаторы - DOI 10.31489 беріледі.
«Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы» журналы ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне 2012 жылы 27 желтоқсаннан бері енгізілген (ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым және білім саласындағы бақылау бойынша комитетінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1735 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитетінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 227 бұйрығы).
Журналдың шығу деректері:
Басылымның толық атауы: «Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық сериясы» сериясы /Вестник Карагандинского университета. Серия «Право» /Вulletin of the Кaraganda University. «Law» series.
Жариялау тілі: ағылшын.
Мақаланың тең авторларының саны екі авторлардан аспауы тиіс.
Ғылыми басылымның жариялану жиілігі: тоқсанына 1 рет, яғни жылына төрт рет шығарылады. Ғылыми басылымның уақытылы шығарылымы міндетті түрде сақталады.
Индекстеу:
- Ресейдіңғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ);
- Google Scholar;
- Қазақстанның дәйексөз базасы(ҚазДБ) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жасаудың ұлттық орталығы» (МҒТСҰО) АҚ.
Журнал ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген (БҒСҚК ұсынған журналдар тізімі).
Журнал CrossRef мамандандырылған референттік библиографиялық сервисіне енгізілген, әрбір авторлық мақалаға DOI (Digital Object Identifier) - объектінің цифрлық идентификаторы беріледі, DOI – дәйексөзді, сілтеме жасауды және электрондық құжаттарға өтуді қамтамасыз ету үшін қолданылады. Журналға бекітілген DOI: https://doi.org/10.31489/2518-7945 .
Мақаланы жіберу және жариялау мерзімдері:
|
Мақаланы жіберу мерзімі |
Жариялау мерзімі |
|
№1 нөмір - 15 қарашаға дейін |
30 наурыз |
|
№2 нөмір - 15 ақпанға дейін |
30 маусым |
|
№3 нөмір - 15 мамырға дейін |
30 қыркүйек |
|
№4 нөмір – 15 қыркүйекке дейін |
30 желтоқсан |
Журналдың редакциялық саясаты
«Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы» журналының Редакциялық саясаты алқа шешімімен бекітілген (хаттама №2, 12.03.2020 ж.).
Мақсаты мен міндеттері
Баспаның мақсаты заң ғылымдары саласында фундаменталды және тәжірибелік зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектерді жариялау болып табылады.
Журналдың редакциялық алқасының баспа стратегиясы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- журналдың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету және оны халықаралық ғылыми қоғамдастыққа шығару;
- келешекте ағылшын тіліндегі ғылыми мақалаларды арттыру;
- мақалалардың географиясын және оқырмандардың аудиториясын кеңейту;
- қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми байланысын нығайту;
- мақалаларға ғылыми сілтемелер индексін және журналдың импакт-факторын ұлғайту.
Журнал жарияламайды:
-журнал тақырыбына сай келмейтін материалдарды;
- авторлармен басқа басылымдарда жарияланғандарды;
- орфографиялық және басқа да түзетуге келмейтін қателері, сонымен қоса анықталған ғылыми фактілерге қарама-қайшы тұжырымдары бар туындыларды;
- жасанды түрде жасалған мәтінді қамтитын туындыларды.
Журналдың редакциялық саясаты келесі қағидаларға негізделеді:
- жариялау мақсатында мақалаларды таңдаудағы объективтілік пен бейтараптық;
- ғылыми зерттеудің сапасына жоғары талап қою;
- мақаланы жариялау жөнінде шешімді алқалы қабылдау;
- авторлармен қарым-қатынастыің қолжетімділігі және жеделдігі;
- авторлық құқықтарды қатаң сақтау;
- журналды жариялау кестесінің қатаң сақталуы;
- академиялық адалдық;
- автордың бір мақаласын тек қана бір нөмірде жариялау.
Тақырыптық бағыты (рубрикалар)
«Құқық» сериясының әрбір нөмірінде заң ғылымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелерін қамтыған ғылыми еңбектер жарияланады:
- мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
- саяси және құқықтық ілімдер тарихы,
- халықаралық жария және жеке құқықтар,
- салыстырмалы құқықтану,
- конституциялық құқық,
- әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару,
- азаматтық құқық,
- азаматтық іс жүргізу,
- еңбек құқығы,
- экологиялық құқық,
- қылмыстық құқық және криминология,
- қылмыстық іс жүргізу,
- криминалистика,
- құқықтың өзге салаларының мәселелері бойынша.
Мақаланы қарау үрдісі
Ғылыми мақала журналдың ресми сайтында автор тіркелген соң онлайн-жіберу арқылы редакцияға жіберіледі.
Редакцияға түсетін әрбір қолжазбаны алдымен журналдың бейіндік бағытына сәйкестігі, редакцияның талаптарына және рәсімдеу ережелеріне сәйкестігі бойынша алдын ала қараудан өтеді. Бұл сатыда мақала (мақаланың барлық файлдары – үш тілдегі шығару деректерін, аннотациялары мен кілт сөздерді, әдебиеттер тізімін, авторлар туралы мәліметтерін қоса алғанда),«Аntiplagiat.ru» жүйесі арқылы авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдалану фактісі тексеріледі. Мақаланың тақырыбы, рәсімдеу тәртібі, мақаланың тұпнұсқалығы бойынша, плагиатқа тексеру нәтижесі бойынша ескертпелер болғанда автордларға сын пікір берілместен қайтарылады, бұл туралы авторға хабарланады.
Журналдың бейіндік бағыты мен жариялау талаптарына сәйкес келетін мақала қарауға алынады және сын пікірге жіберіледі.
Мақаланы қарау-тексеру мерзімі – мақала редакцияға келіп түскен күннен бастап 2 ай ішінде жүзеге асырылады.
Екі жасырын сын-пікір беру:
Журналға ұсынылған барлық қолжазбаларға қос жасырын сын пікір беріледі. Екі сын пікір беруші, олардың бірі шетелдік, пәндік саладағы жұмыс тәжірибесімен зерттеуді бағалайды.
Плагиатқа қатысты Этика және саясат
Журнал жарияланымдардың Әдеп жөніндегі комитетінің (COPE) этикалық мәселелерді, соның ішінде заңсыз әрекеттер мен бас тартуларды шешуге қатысты басшылыққа алатын қағидаттарына сәйкес келеді. Журналдың саясатына сәйкес, редакцияға келіп түскен барлық мақалалар міндетті түрде қабылдаудың бастапқы сатысында сайттан алудың дұрыстығы тексеріледі https://ksu.kz.antiplagiat.comсайтында (толық версияда) бөтен материалдарды пайдалану фактісі тексеріледі. Ғылыми мақалалардың түпнұсқалығы кемінде 70 % көрсеткішке ие болуы тиіс.Плагиат табылған немесе оның болуын жасыруға мүмкіндік беретін техникалық тәсілдер табылған жағдайда мақалалар одан әрі қарауға қабылданбайды. Этикалық мәселелер бойынша қолжазбалардың барлық жауапкершілігі авторларға жүктеледі.
Атауын, өндірушіні (құқық иесін), нұсқасын және жүгіну және (немесе) пайдалану күнін көрсететін сілтемесіз жасанды интеллект технологиясын пайдалану академиялық адалдық қағидасын бұзу болып табылады.
Қолжазбаны дайындау үшін жасанды интеллект технологияларын қолданған кезде оның ғылыми нәтижелерін, ережелерін, ұсынымдары мен қорытындыларын автор өз бетінше тұжырымдауы керек.
Плагиатты табу мүмкіндігін азайту немесе жою мақсатында техникалық құралдар мен әдістерді, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдануға жол берілмейді.
Редакцияның мекен-жайы: 100028, Қазақстан, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28.
E-mail: pravo_vestnik@mail.ru
Сайт: https://law-vestnik.ksu.kz/index.php/law
ҚарУ баспасының электрондық поштасы: izd_kargu@mail.ru
Қаралым: 128 



